Бүркітбай Ғелманұлы Аяған

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

21:18, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Бүркітбай Ғелманұлы Аяған (20.11.1954 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Ақтас ауылы) – тарихшы, тарих ғылымдарының докторы (1996 жылы), профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық Кеңесінің мүшесі, Қазақ Білім академиясының академигі (2006 жылы).


1979 жылы Абай атындағы Қазақ педагогалық институттын бітірген. 1979 – 90 жылдары Қазақ педагогалық институттында комсомол ұйымының хатшысы, оқытушы, 1990 жылы Қазақ КСРі Жоғарғы білім министрігінде жетекші ғылыми қызметкер, 1990 – 96 жылдары Президент әкімшілік мен Миннистр Каб-нің баспасөз қызметінің кеңесшісі, сектор меңгерушісі, ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарды. 1996 – 98 жылдары Қазақ заң университеттінің сыртқы байланыстар орталығының директоры, 1998 – 2003 жылдары Алматы қалалық ақпарат пен қоғамдық келісім басқармасының бастығы болды. 2003-2009 жылдары “Қазақ энциклопедиясының” бас директоры міндетін атқарған.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Еңбектері

Негізгі ғылыми еңбектері Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы (қоғамның әлеуметтік құрылымының эволюциясы, саяси өзгерістер, халықтың демографиялық құрылымындағы өзгерістер) тарихи мәселелерін зерттеуге арналған. “Қазақстан мемлекеті: қоғамдық жүйелердің эволюциясы” (1994 жылы), “Кеңестік социализмнің шарықтау шегі мен батуы. Қазақстан полигоны” (1999 жылы), “Қызылдар мен қаралар”, т.б. кітаптардың, көптеген ғылыми мақалалардың авторы. Мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулықтарды жазуға қатысты (жалпы білім беретін орта мектептің 11 сыныбына арналған “Қазақстан тарихы” (1993 жылы), 9 сыныпқа арналған “Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы” (2005 жылы), жоғары оқу орындарына арналған “Социология негіздері” (1993 жылы) оқулықтары, т.б.). Жапонияда, Түркия, Ресей, Германия мен Малайзияда болған ғылыми симпозиумдарға қатысқан. Баспа және полиграфия ісінің қайраткері, “Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығы”, “Ерен еңбегі үшін” медальдарымен марапатталған.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}