Бітім (салт-дәстүр)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:30, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Бітім салты халық арасында маңызы бар өте қиын әрі күрделі іс. Бұл хан,би,ақсақалдардың араласуымен бітетін елдік шаруа. Ерте замандарда еларалық жаугершілік ,соғыс,ұрыс,жер дауы, ер намысына тиетін ірі қақтығыстар мен ұрыс-жанжалдар болып тұрған. Мұндайда кектескен,өштескен,есесі кеткен ел жиі қақтығысқа шығып , оның соны кісі өліміне дейін ұласқан. Міне, осындайға екі елді бітістіретін , келісімге шақыратын "бітім" деп аталатын тәртіптік заң болған.

Мұндай ара ағайындыққа сөзі өтімді,беделді ел ағалары мен батырлар ,би, шешендер жүрген. Олар екі елдің де уәжін тыңдап, қиын жерде жол, бітімге шақыра білген.Кеткен есе,шыққан шығын,кісі құны қайтарылған.Мұндай бітім соңы - басы ақ үй аманат пен сый-сыяпат, қыз алысып,төс түйістіріп достыққа жалғасқан.Бұл бітімді екі елдің ақсақалдары бітім ұстап , еске алмаудың жөн-жосығын,жолын тауып отыруды міндетіне алған.

Дереккөздер

1. "Қазақтың салт-дәстүрі мен әдет ұрыптары" кітабы ,Атамұра 2010