Біркөлік шатқалдары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

10:03, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Біркөлік шатқалы - Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданында, Шымкент қаласынан 50 шақырым жерде, теңіз деңгейінен 1100 м биіктікте Тянь-Шань тау сілемдерінде орналасқан.

Шатқал бойымен Біркөлік өзені ағады. Мұнда жаңғақ тоғайы, өрік және алма бақтары бар. Қарағай, Тянь-Шань шыршалары, емен, шынар, зерек, талшын ағаштары, итмұрын және т.б. дәрілік шөптер өседі.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің экспедициясының ауыл аймақтарды археологиялық зерттеулері кезінде Біргөлік шатқалынан 2 қорым табылған. Қорымдар классикалық сұлба бойымен(шығыстан батысқа қарай) орналасқан 30 обадан тұрады.