Бутадиен-стиролды каучук

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

13:03, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Бутадиен-стиролды каучук - бутадиен мен стиролды біріктіріп полимерлеу арқылы алынатын синтетикалық каучуктар. Бутадиен-стиролды каучук осы кезде өндірілетін синтетикалық каучуктың негізгі түрлеріне жатады.

Қасиеттері

Бұның қасиетіне реакцияның температурасы әсер етеді, мысалы, иөмен температурада 5оС алынған. Бутадиен-стиролды каучукдың физикалық-механикалық қасиеттері жоғарғы температурада 50 оС алынған Бутадиен-стиролды каучукға қарағанда жақсы болады, себебі төмен температурада жүргізілген реакцияда бүйір тармақтары аз, тура тізбектерден түзілген макро-молекулалар алынады. Минералдық май қосудан да Бутадиен-стиролды каучукдың кейбір технологиялық қасиеттері жақсарып, шығымы артады. Бутадиен-стиролды каучук резина өнер-кәсібінің барлық салаларында, көбіне автомашиналардың покрышкасы мен камераларын жасауда қолданылады. <ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976ж., 9 том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер