Бурак

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

12:10, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Бурак (арабша — ұшқыр, пырақ) — діни аңыздарда Мұхаммед пайғамбар мінген қанатты тұлпар. Бурак ақ түсті, ұзын құлақты, аяғында қанаты бар, түгі жылтыраған жануар түрінде суреттеледі. Кейбір ортағасырлық деректерде ол қанатты адам бейнесіндегі ат. Бурак кірпік қаққанша Мұхаммедті Меккеден Иерусалимдегі әл-Масжид әл-Аксаға жеткізіп, содан соң аспанға (әл-исра уә-л мираджға) алып кетеді. Буракқа салт мініп, көкте ұшып бара жатқан пайғамбар — орта ғасырлардан бүгінгі күнге дейінгі кітаби кескіндемелерде ең көп тараған сюжет.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том</ref><ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub