Бундестаг
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Бундестаг - (неміс.Bundestag - федералды жиналыс, Bund (одақ, федерация) и Tag, Tagung (жиналыс, отырыс)) - ГФР парламенті, жалғыз конституциялық орган.
Тарихы
Герман империясы
(1871-1918) Герман империясы құрылғаннан кейін империялық конституцияға сай жалпы германдық парламент - рейхстаг құрылды. Имперлік рейхстаг 3 жылға (1888 жылдан 5 жылға) сайланатын 384 депутаттардан тұрған (1874 жылдан - 397). Олар жалпы, тең, құпия дауыс беру арқылы сайланатын. Рейхстагтағы орындарды бөлу мажоритарлық жүйе арқылы болатын. Ол тікелей сайлау негізінде жүзеге асырылады. Ол әдетте 656 депутаттан тұрады. Оның жартысы сайлау округтерінде, ал қалғаны жергілікті тізім бойынша жалпылама, тікелей, еркін, тең және құпия сайлау арқылы 18 жасқа толған азаматтар арасында жүргізіледі. Бундестаг 4 жылға сайланады. Конституцияда Бундестаг өзін-өзі қызметтен босатуы туралы заң қаралмайды. Конституцияда 5%-дан жоғары дауыс жинаған партиялар немесе кемінде 3 сайлау округінде 1 мандаттан жинаған партиялар сайлана алады. Депутаттар еркін мандатқа ие. Бундестаг саяси еркін пікірдің басты органы болып табылады. Оған үкіметтің қызметіне парламенттік бақылау жасау, заңдық қызметтер және әртүрлі саяси күштердің қызметтері тағайындалған. Бундестаг зандық негізде бюджеттерді қабылдайды және Федералды Канцлердің сайлауы арқылы федералды Үкіметтің құрылуына қатысады.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.
ISBN 9965-32-491-3</ref>
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бундестаг|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}