Босаға (киіз үй)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:48, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Босаға<ref name="source1"/> — үй есігінің екі жақтауы. Киіз үйдің де, басқа үйлердің де босағалары бұрын ағаштан жасалып, қолдан құрастырылған. Қазіргі кезде Босаға есікпен бірге зауытта ағаштан, металдан, темір-бетоннан әзірленеді. Қазақтар Босағаны қасиетті санаған. “Босағаны керме” (немесе Босағаға керілме) деген тыйым осыдан туған. Сондай-ақ, Босаға майлау ырымы да бар. Жастар жеке отау құрғанда немесе біреу жаңа үй алғанда жақын-жуықтары келіп, жаңа үйдің босағасына май жағады. Бұл осы үй берекелі, майдай жұғымды болсын деген ұғымды білдіреді. Сондықтан да қазақ халқы жаңа түскен келінге босаға аттаттырып, сәлем еткізіп, үлкендер бата берген; <ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Босаға — Маңдайша мен табалдырық арасын белгілі қашықтықта ұстап тұратын, кереге бекітілетін, адамдардың үйге кіріп-шығуы үшін арнайы жасалған, екі жаққа ашылатын есіктің айналмалылығын (шарнирлігін) қамтамасыз ететін мүшесі.<ref>" Қазақтың киіз үйі". Сайын Назарбекұлы. «Елорда ».Астана – 2005 </ref>


Тағы қараңыз

Есік (қазақ үй) Босаға_майлау

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Босаға (киіз үй)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}