Болат Әбішұлы Байтанаев
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
15:25, 2017 ж. наурыздың 28 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету
Болат Әбішұлы Байтанаев (20.2.1944, Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылы – 20.8. 1998, Шымкент қаласы) – әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы (1995), профессор (1996).
Өмірбаяны
- Шымкент педагогика институтын (1967, қазіргі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті) бітірген.
- ҚазПИ-дің (1972, қазіргі ҚазҰПУ) аспирантурасын бітірген.
- Шымкент педагогика мәдениет институтында аға оқытушы (1967–1969), педагогика институтында кафедра меңгерушісі (1976–1978)
- Қарағанды мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі, декан, аға ғылыми қызметкер (1978–1981)
- Шымкент педагогика институтында (1981–1988) қызметтер атқарған.
- 1996 жылдан өмірінің соңына дейін Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде декан, кафедра меңгерушісі, профессор.
Ғылыми жұмыстары
- 1994 жылы «Қазақ романының көркемдік құрамындағы ауызша-ақындық дәстүрлер» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.
- 50-ден астам ғылым жарияланымның авторы.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref><ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы.«Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref><ref>“Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>
Дереккөздер
Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}