Болат Мұратұлы Сыздықов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

07:46, 2016 ж. мамырдың 9 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету

Сурет:Болат Мұратұлы Сыздықов.jpg
Болат Мұратұлы Сыздықов

Болат Мұратұлы Сыздықов (21 маусым 1956, Қарағанды - 7 мамыр, 2016, Алматы) - әнші, гитарашы.<ref>"Мюзикола" тобының гитарисі Болат Сыздықов дүниеден озды (фото, видео)</ref>

Өмірбаяны

  • Әл-Фараби атындағы Шымкент мәдениет институтының мәдени-ағарту жұмысы факультетін бітірген (1986), мәдениет саласының қызметкері.
  • 1973 жылдан - Қарағанды мемлекеттік филармониясының солисі.
  • 1974 жылдан - Қызыл тулы Орта Азия әскери округы дивизия штабында әскери оркестрдің солисі.
  • 1976 жылдан - «Гүлдер» республикалық ансамблінің солисі.
  • 1979 жылдан - «Арай» тобының солисі.
  • 1983 жылдан - «А-Студио» тобының гитарашысы.
  • 1989 жылдан - М. Дунаевскийдің жетекшілігімен «Имакс» шығармашылық орталығының солисі (Мәскеу).
  • 1992 жылдан бері - «Мюзикола» дуэтінің гитарашысы, музыкалық продюсері.

Марапаттары

  • Бүкілодақтық эстрада әртістері конкурсының лауреаты (Мәскеу қаласы, 1982)
  • «Big Apple Music-96» халықаралық көпшілікке арналған музыка конкурсындағы бірінші сыйлықтың лауреаты ([[Нью-Йорк).

Отбасы

  • Әкесі - Сырымбетов Мұрат Сапарғалиұлы, марқұм, металлург болған.
  • Анасы - Сыздықова Қалдығыз, зейнеткер.
  • Ажырасқан.
  • Қызы - Сыздықова Диана (1979).<ref>Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер