Биостратиграфия

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

11:01, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Биостратиграфия (био және лат. stratumқабат, грек. graph — жазамын) — шөгінді түзілімдердің салыстырмалы жасын анықтау максатында осы түзілімдердегі ағзалардың қазба қалдыктарының бөлінуін зерттейтін стратиграфия саласы; бірнеше мағынада колданылады: 1) негізі¬нен палеонтологиялык одіс арқылы зерт- телетін стратиграфия саласы; 2) ағзалардың тарихи даму заңдылықтарын зерттеу нотижесінде алынған моліметтер шөгінділердің (түнбалардың) геологиялық көнелілігін анықтау мақсатында қолданы- латын палеонтология бөлігі; 3) белгілі бір аймақ көлемінде түзілген, көнелілігі анықталған шөгінді (түнба) қабаттардың стратиграфиясы; 4) биостратиграфиялық немесе палеонтологиялык одіс терминде- рінің синонимі.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайышов — Алматы: "Мектеп" баспасы ЖАҚ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2 </ref> Жердің шөгінді қабаттарының геологиялық жасын анықтау үшін олардағы жануарлар мен өсімдіктердің қазба қалдықтарының таралуын зерттейтін стратиграфияның бір саласы. Биостратиграфиялық зерттеуде әр түрлі шөгінділер салыстырылып, жер қабаттарының жасы туралы аймақтық шкала жасалады. Биобелдемдік деректер дайындауда геологиялық қысқа уақытта тіршілік еткен, бірақ кең тараған ағзалардың (мысалы, нуммулиттер, грапполиттер, динозаврлар) және микроорганизмдердің (мысалы, бактериялар, планктондар, фораминиттер, көкжасыл балдырлар, т.б.) қалдықтарын зерттеудің маңызы зор. Теңіздік және құрлықтық шөгінділерді бір-бірінен айыру үшін қазба өсімдіктердің тозаңдары мен споралары зерттеледі.

<ref name="source1">“Қазақ Энциклопедиясы”</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Geology-stub