Бикен Ырымқызы Римова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:43, 2017 ж. сәуірдің 16 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Сурет:Римова.jpg
Бикен Ырымқызы Римова

Бикен Ырымқызы Римова (1.1.1923 жыл, қазіргі Алматы облысы Қаратал ауданы Қанабек а. — 6.1.2000 жыл, Алматы) — актриса, Қазақ КСР-інің халық артісі (1966).

Өмірбаяны

  • 943 жылы Алматы театр уч-щесін бітірген.
  • 1940 жылдан өмірінің ақырына дейін Қазақтың мемл. академ. драма театры (Алматы) труппасында қызмет етті.

Ойнаған рольдері

Тұңғыш ойнаған рөлі – Ғ.Мүсіреповтің “Ақан Сері - Ақтоқты” трагедиясындағы Мәрзия (1942). Актриса кезінде

  • Сәуле (Ә.Әбішев, “Достық пен махаббат”, “Күншілдік”),
  • Фарида (Ә.Тәжібаев, “Жалғыз ағаш орман емес”),
  • Қамаш (М.Иманжанов, “Менің махаббатым”),
  • Ғайни (Т.Ахтанов, “Күтпеген кездесу”), т.б. рөлдерді орындап, қазақ сахнасында замандастар образын жасауға елеулі үлес қосты.
  • Еңлік (М.Әуезов, “Еңлік-Кебек”),
  • Зылиха, Меңсұлу (Ш.Хұсайынов, “Сырымбет саласында” және “Алдар Көсе”),
  • Сарыжорға (С.Жүнісов, “Ажар мен ажал”),
  • Күнікей (Мүсірепов, “Қозы Көрпеш — Баян сұлу”),
  • Жаңыл, Жер-Ана (Ш.Айтматов, “Аңсаған менің әнімсің” мен “Ана — Жер-Ана”, соңғы спектакльдегі рөлі үшін Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйл., 1966),
  • Жиіан (Ж.Файзи, “Башмағым”),
  • Бостан, Күмри (С.Ахмад, “Келіндер көтерілісі” мен “Күйеу”),
  • Сидзе (М.Каору, “Шығыстағы бір бейбақ”),
  • Донна Эльвира (М.Фриш, “Дон Жуанның думаны”), т.б. рөлдерде ойнады.

Кино саласындағы рольдері

1955 жылдан киноға түсіп

  • “Өжет қыз”
  • “Ана туралы аңыз” (1964)
  • “Там-там үні” (1968)
  • “Ұлдың оралуы” (1977)
  • “Ай астындағы үй” (1983)
  • көп сериялы “Тоғысқан тағдырлар” телефильмінде (1996 — 1999), т.б. фильмдерде елеулі рөлдер жасады.

Жазған шығармалары

  • “Абай – Әйгерім” (Әуезовтің “Абай жолы” романы бойынша, 1979)
  • “Қос мұңлық” (1991) атты драм. шығарма

ұстаздары мен сахналас серіктері туралы “Өнердегі өнегелі өмірлер” (1997) кітабын жазды.

Есте сақтау

  • Актриса есімі Талдықорғанның қазақ драма театрына (2000) берілді.

Марапаттары

  • “Құрмет белгісі” орденімен және медальдармен марапатталған<ref>.Құндақбаев Б., Нұрпейісов К., М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына 40 жыл, А., 1966;</ref> <ref>Бикен Римова, А., 2001.</ref><ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref><ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref><ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті