Беғазы қорымы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:48, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Беғазы қорымы – Қазақстандағы қола, ерте темір дәуірінен сақталған бейіттер тобы. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Ақтоғай а-нан оңт.-шығысқа қарай 40 км жерде, Қаратал (Беғазы) өз-нің оң жағалауында. 19471949 және 1952 ж. Орт. Қазақстан археол. экспедициясы (жетекшісі Ә.Х.Марғұлан) зерттеген. Б. қ-нда қола, ерте темір дәуірлерінің бейіттері және ортағасырлық 57, кейінгі кездердегі 100-ге жуық қазақ бейіттері бар. Қорымның аумағы 240x570 м. 20 бейіт зерттелді. Оның 14-і андрон мәдениетінен Беғазы-Дәндібай мәдениетіне өту кезеңіне жатады. Өтпелі кезең бейіттері өңделген төртбұрыш, шаршы, дөңгелек пішімді жалпақ гранит тастарды қырынан, жоғ. жағын ортаға қарай еңкейте көміп, құрастырылған қоршаулар түрінде болады. Мәйітті оның ортасындағы тас жәшіктерге жерлеген. Кейбір қоршаудың ішінде қос жәшік қатар салынған. Олар ертеректе тоналған. Сақталған мәйіт сүйектерінің қалдығына қарап, олардың бүктетіліп, қырынан, басын батысқа беріп жерленгені, кейбірінің мүрдесін өртеп, күлін көмгені анықталды. Бейіттер ішінен андрон мәдениетінің соңғы кезеңіне тән, өрнегі мен пішімі жақсы сақталған көзелер мен олардың сынықтары, жебенің тастан жасалған ұшы, мыстан, илемеден жасалған моншақтар, киімге тағылатын өрнекті жапсырмалар, алтынмен аптаған салпыншақтар мен екі дөңгелек сырға, т.б. заттар табылды. Б. қ-ндағы қоршаулардың пішімі мен құрылысы, табылған бұйымдар Орт. Қазақстанда қола дәуірінің соңғы кезеңінде өмір сүрген тайпалардың жерлеу салты, діни сенімдері, қолөнері туралы құнды мағлұмат береді.<ref name=source1>Қазақ энциклопедиясы</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}