Беспай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:25, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Беспай, Бесбай — 19 ғасырдан сақталған ескерткіштер тобы. Ақтөбе облысы, Доңызтаудың Масақ шатқалында, Тұщыайрық құдығынан солтүстік-батысқа қарай 16 км жерде. Тарих, археология және этнология институтының экспедициясы (1990, жетекшісі С.Әжіғалиев) зерттеген. Кешен бір-бірінен 800 м қашықтықта жатқан төменгі және жоғарғы бөлімнен тұрады. Үш жағынан Үстірттің қырқалары қоршаған аңғарда тұрған төменгі бөлігі шамамен 19 ғасырдың 1-жартысында ірге көтерген. Онда мешіт және діни-ғұрыптық жоралғылар үшін салынған құрылыстар, тұрғын үйлер жұрты бар. Ғимараттың бәрі тас сынықтарынан, тақта тастан саз балшықпен бекітіп, өте аласа етіп тұрғызылған. Кейбір күмбезді, шикі кірпіштен салынған, төбесі тегіс тамдар болмаса, құрылыс негізінен үлкен тас тақталармен жабылған не мүлде жабылмаған. Мешіттің жобасы шаршыға жақын, өзі аласа, жапсарлас салынған қосымша құрылыстары бар. 4 күмбезді негізгі ғимарат арка және орталық колонна арқылы төрт бөлінген. Солтүстігіндегі қосымша ұзынша құрылыс тегіс жабылған, шығыс жағындағы қосымша бөлме қатты қираған. Мешітті салған Өмірбай ақын деп есептеледі. Кешеннің жоғарғы бөлігіндегі шағын қорым, тұрғын үйлердің орны, тас астаулы құдық Үстірт шетіндегі жалпақ террасаға ыңғайлы орналастырылған. Осындағы қорымнан шығысқа қарай 500 м жерде, Үстірттің құлама шетінде киік аулауға арналған аран сақталып қалған.<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}