Бертло Пьер Эжен Марселен

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:15, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

(25.10.1827-18.03.1907)
Француз химигі және қоғам қайраткері, Париж ғылым академиясының мүшесі (1873). Париж университетін 1849 жылы бітірген. 1859-1864 жылдары Париждегі жоғары фармацевтикалық мектебінің профессоры болған. Колеж де Франстің профессоры (1864-1906). Ғылыми жұмыспен бірге түрлі қоғамдық қызметтер атқарған: жоғары білімнің бас инспекторы (1876), бұқаралық біліммен нәзік өнерлер министрі (1886-1887), Франция шет мемлекеттік істер министрі (1895-1896).
Зерттеулерінің негізгі салалары - органикалық, аналитикалық, термо- және биохимия тарихы, органикалық химияда синтездеу бағытының негізін салушы.
Ең алғаш рет оттекті заттардың пирогенетикалық ыдырауынан нафталин, бензол және фенол алған. Күкіртті көміртектен күкіртті сутектен метан алған (1854), стеарин, пальмитин, олеин жән басқа майлардың аналогтарын синтездеген.
Одан бұрын көмірсулардың ашытылуынан алынатын этил спиртін, этиленді күкірт қышқылы қатынасында гидратация арқылы синтездеген (1854). Сумен көміртегі оксидінен құмырсқа қышқылын (1862), ал ацетилен негізінде бірқатар ароматты көмірсутектерді синтездеген (1866). Химиялық құрылыс теориясы пайда болғанға дейін оның синтездерінің көпшілігі органикалық қосылыстарды жасанды жолмен алу мүмкіндіктеріне жол ашты. Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар туралы түсініктерді енгізген. Алхимияның және XVIII ғасырдың химиясының тарихын жете зерттеген. Француз химиялық қоғамының президенті (1866, 1875, 1882, 1889, 1901 жылдары). Көптеген мемлекеттердің ғылыми академияларының мүшесі.

Дереккөздер:

С.К.Мырзалиева "Химия" (Балаларға арналған энциклопедиялық анықтамалық Алматы 2012 ж.)