Белая Өзені

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

09:57, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Белая Өзені - Ақеділ (башқ. Агидел — ақ үлкен өзен) — Башқортостандағы өзен, Кама өзенінің ең үлкен саласы. Ұзындығы 1430 км, су жиналатын алабы 142 мың км2. Оңтүстік Оралдағы Оралтау жотасының батысынан басталады. Жоғарғы жағының жағасы жайпақ, батпақты, орта ағысында өзеннің аңғары күрт тарылып, кей жері тік жар болып келеді. Өзеннің жағалауында орман өседі. Оң саласы Нигуш және Уфа өзендері қосылғаннан кейін, арнасы бірте-бірте кеңейіп, жазықтық өзеніне айналады. Көп жерінде оң жағасы көтеріңкі келеді. Негізінен қар суымен толығады. Жылдық орташа ағыны Бирск қаласының тұсында 846 м3/с. Қараша айының ортасында қатып, сәуірде мұзы ериді. Уфа қаласынан Мәскеуге дейінгі аралықта тұрақты су көлігі қатынайды.<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

Дереккөздер</span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Белая Өзені|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}