Бейбiтшiлiк үшiн әрiптеcтiк бағдарламасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:59, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Бейбiтшiлiк үшiн әрiптеcтiк бағдарламасы - [Partnership for Peace] - Кеңес Одағының ыдырауы-нан және Варшава келісімі үйымы өз жүмысын тоқтатқаннан кейін әлемдік саясатта НАТО-ның рөлі өзгере бастады. АҚШ өзінің Еуропадағы әскери қатысуын жартысына дейін қысқартты. Бірқатар Шығыс Еуропа елдері НАТО- ға кіруге қүлшыныс танытты. Оған жауап ретінде 1994 ж. НАТО "Бейбітшілік үшін әріптестік" бағдарламасын қабылдады, оның шеңберінде үйым Еуропа мен Азиядағы 27 елмен әріптестік қарым-қатынас орнатып, әскери жаттығулар жүргізуде. "Бейбітшілік үшін әріптестік" бағдарламасының шартына сәйкес, егер әріптес-елдерге шабуыл жасалып, қауіп тәне қалған жағдайда әскери әрекеттерге НАТО-ның қатысуы міндетті емес. 1994 ж. 27 мамырда Қазақстан 19- шы мемлекет болып осы бағдарламаға қосылуға ниет білдіріп, қол қойды. Бағдарлама аясында Қазақстан НАТО-мен әскери-техникалық саладағы әріптестіктерді жетілдіріп, қорғаныс қүрылы- мындағы, демократия жағдайындағы қарулы күштердің қызметін жетілді-руді, әскери стратегияны дамытуды және әсіресе, НАТО-ның колледждерінде әскери білім алу мен әскери мамандардың біліктілігін арттыруды кәздейді. <ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бейбiтшiлiк үшiн әрiптеcтiк бағдарламасы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}