Бақытжан Мұқтарханқызы Раисова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:49, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Тұлға


Раисова Бақытжан Мұқтарханқызы (1959 жыл 6 қазанШығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Еңбек аулы) - ақын.

1976 жылы көршілес Шыңғыстай аулындағы орта мектепті бітірді. 14 жасынан өлең жазып, әдебиетке деген ерекше құштарлығымен көзге түскен.

1965-1967 жылдары Москвадағы сценаристер мен режиссерлер дайындайтын жоғарғы курсты тәмәмдаған .

1976 жылы Бақытжан Раисова С. М .Киров атындағы (қазір Әл Фараби атында) Қазақ Мемлекеттік университетіне қазақ тілі мен әдебиеті бөліміне оқуға түседі. Университеттегі ұстаздары Р.Нұрғалиев, З.Қабдолов, Т.Кәкішев, А.Оразбаева Бақытжанның әдебиетші - маман ретіндегі жан-жақты білімін, табиғи берген ақындық дарынын ұштауға, тереңдете түсуге сәулелі жол ашқандай болады. Жоғары оқу орнын үздік аяқтаған Бақытжан 1981 жылы «Қазақ университеті» газетінде қызмет атқарады.1982 жылы Катонқарағай ауданындағы Аршаты аулына оралып мұғалім болып қызмет істейді. 1984-85 жылдары Бақытжан Раисова аудандық «Арай» газетінде аудармашы-тілші ретінде қызметте болады. Өзінің жүрек қалауымен әдебиетші ұстаздық жолға бет бұрады. 1987 жылдан 1997 жылға дейін ауданның танымал әдебиетші ұстазы атанады. 1995 жылы ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толуына орай Алматыда өткен конференцияда Бақытжанға «Білім беру ісінің үздігі» атағы беріледі.

1997-2007 жылдары ол Өскемен қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы гуманитарлық - эстетикалық дамыта оқыту бағытындағы мектепте ұстаздық қызметін жалғастырады.

Оның өлеңдері «Қазақ әдебиеті», «Жас алаш», «Дидар», «Арай» газеттерінде, «Жұлдыз», «Ақ Ертіс», «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналдарында, «Балауса» студент-жастар топтамасында «Ағажай, Алтайдай жер қайда-ай» жинағында, «Алтай әуендері» атты топтама-хрестоматияда жарияланған.

Б. Раисованың 2000 жылы «Білім» баспасынан «Ай мен Алтай» 2005 жылы «Елорда» баспасынан «Сезім сәулесі» жыр жинақтары басылып шыққан. 2009 жылы «Ғасырдың мұңы» баспадан шығады. Өз заманының толғақты мәселелерін сезім сәулелерімен өрнектей білген ақын әрі ұстаз Б.Раисова қазір Өскемен қаласындағы Дарынды балаларды оқытатын гимназияда қызмет істейді.

Дереккөздер

<references/>

1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА