Бауырлас республикалар шоқжұлдызында (жинақ)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

07:58, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Бауырлас республикалар шоқжұлдызында - Алматыдағы Қазақтың мемлекеттік баспасынан 1961 жылы орыс тілінде жарық көрген жинақ. Құрастырушылар - Хабдрашитов пен Гаксельрод. Бұл еңбек Қазақ КСР мен Қазақстан Компартиясының 40 жылдық мерейтойының тойлануын баяндайды. Осы кезеңде республика мықты индустриялы, жоғары мәдениетті, тың жерлері игерілген елге айналды.

Еңбекте сонымен қатар Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі мен Қазақстан Компартиясы ОК-нің салтанатты мәжілісі жайында айтылған. Жинаққа мерекеге байланысты Орталық және жергілікті газеттерде жарияланған мақалалар, өлеңдер, очерктер, репортаждар енген. Алматыда өткен мерекелік митингіде Қазақ КСР Ғылым Академиясының президенті Қаныш Сәтбаевқа сөз беріліп, онда ол Қазақстандағы ғылымның дамуы, пайдалы қазбалы кен орындарының ашылуы, соның нәтижесінде ірі ауыр индустриалдық кәсіпорындардың құрылуы, тың және тыңайған жерлердің игерілуі жайында айтады. Көлемі 19 баспа табақ. Таралымы 40 мың дана.<ref>Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бауырлас республикалар шоқжұлдызында (жинақ)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}