Барлыбай Тауасарұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:53, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Барлыбай Тауасарұлы (шамамен 1753, Орталық Қазақстан, Ұлытау өңірі — 1822, Сыр бойы) — батыр.

“Бағаналы Барлыбай”, “Барлыбай сардар” есімімен ел жадында сақталған.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref> Әкесі — Тауасар қалмақтармен шайқаста аты шыққан батыр, анасы — Гүлсім башқұрт батыры Қарасақалдың қарындасы болған. Барлыбай Түркістан түбіндегі Қарнақ медресесін, Үргеніш медресесін бітіріп, араб, парсы, көне түркі тілдерін меңгереді. 18 жасында қалмақтың белгілі батырларын жекпе-жекте жеңіп, елінің батасын алады. Осы тұстан бастап қартайғанша Кіші жүздің шөмекей руының әскербасы болады. Шөмекей жасағын бастап орыс, қалмақ, түрікпен, Қоқан, Хиуа әскерлеріне тойтарыс береді. Барлыбай туралы Сегіз сері Шақшақұлы, Ахмет Ишан Оразайұлы (1861—1927) шежірелерінде айтылады. Сегіз сері “Барлыбай хан” атты тарихи дастан шығарған, оның ерліктерін Жанкісі (Жанқиса) Басыбайұлы (1772 — 1849), Әбутәліп (1788 — 1857), Балтекей Қорғанұлы (1830 — 1917), Қожабай Тоқсанбайұлы (1841—1919), Мұқан Балтекейұлы (1873 — 1918), Тайжан Қалмағанбетұлы (1877 — 1937),[Шеген, Қанафия сынды ақын-жазушылар жырлаған. <ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Барлыбай Тауасарұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}