Балдақ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

12:40, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Балдақ:

  • 1) қылыштың, семсердің, т.б. сабы мен болаты түйіскен жерінде қолды тіреп тұруға арналған бөлігі. Қарудың маңызды бөлігі болғандықтан Балдақты алтындап, күмістеп, асыл тастармен әшекейлеген. Қарудың қолданылуына және қолға ұстауға ыңғайлылығына байланысты Балдақтардың көптеген түрлері шығарылған. Кейде Балдақ сөзі қарудың атауы ретінде де қолданылады. Ақ балдақ (көк балдақ), алтын балдақ, т.б.;<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>
  • 2) бүркітпен аңға шыққанда, оның салмағынан қол талмау үшін оң қолдың шынтағын сүйеп отыратын жұмсақ төсеніші бар ашалы тіреу. Балдақ ағаштан немесе таутекенің мүйізінен әшекейленіп жасалады. Оның үстіңгі жағы (басы) ашалы болып, төменгі жағы тұтас болады. Ашалы шетіндегі екі тармақтың арасы жалпақ әрі жұмсақ былғарыдан, қайыстан жалғастырылады. Оны Балдақтың төсеніші деп атайды. Төсеніш ойыстау етіліп бекітіледі де, құсты ұстап отырған білекке тіреуіш болып, қолдың талмауына жағдай жасайды. Балдақ таяғының екінші (төменгі) шеті бүлдіргілі болады. Ердің қамшылар жақтағы алдыңғы қапталындағы шеттікке бекітіледі. Ат қатты шапқан кезде Балдақ көп қимылдамау үшін Балдақ ағашының орта тұсынан тесік жасалып, оған қайыстан бау өткізеді де, ердің алдыңғы қасының маңдайындағы бұжырлы шығыршыққа мықтап бекітеді;<ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3</ref>
  • 3) Аяғы кемтар адамның қос қолтығына тіреуіш етіп, сүйеніп жүретін арнаулы таяғы;
  • 4) Шымылдықтың бау өткізетін шығыршығы, ілгегі.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;</ref>
  • 5) Cаусаққа салатын әшекей, жүзік, сақина. Палеолит дәуірінде сүйектен, неолит дәуірінде тастан, қола дәуірінде металдан жасалған.

Ежелгі Мысырда мөрлі Балдақ кең тараған, оның көзінде оюлап салған сурет не жазу болған, қол қою орнына соны басқан. Мөрлі Балдақ бұдан кейін эгейліктерде, гректерде, этрусктерде, римдіктерде пайдаланылған. Мұндай Балдақтың көзше көбінесе тас орнатылған. Ежелгі Римде сенаторлар мен білікті азаматтар алтын Балдақ, қарапайым халық темір Балдақ салған. Ежелгі Русьте қала әйелдері алтын, күміс Балдақ, шаруа әйелдер геометриялық өрнектері бар мыс Балдақ таққан. Бүдан кейінгі дәуірлерде Балдақ көбіне алтыннан, күмістен жасалып көзше кейде асыл тас салынған. Қазақ дәстүрінде алтын, күміс Балдақтарды қыз-келіншек, бозбала, сал-серілер салған. Балдақты ертеде мөр, қолтаңба орнына қолданған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

Сілтемелер