Балалар суреті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:33, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Балалар суретібейнелеу өнерінің әр түрлі саласымен шұғылданатын балалар шығармалары. Сурет салу өнерімен шұғылдану арқылы балалардың шығармашылық қабілеттері, көркемдік және эстетикалық талғамдары, байқағыштық, қабылдау, қиял сияқты қасиеттері қалыптасады. Балалар сурет салу, мүсіндеу, қолөнермен шұғылдану барысында өзін қоршаған орта, табиғат сұлулығы, оның құбылыстары туралы білімдерін арттырады, бейнелеу өнерін игеруге қызығады. Балалар суреті түрлеріне қарындашпен, түрлі-түсті бояу қарындаштармен, сулы бояумен, гуашь бояуымен салынатын суреттерді, мүсінді, қолөнерді, т.б. жатқызамыз. Балалардың бейнелеу өнеріне машықтануы балабақшаларда, мектептерде, оқушылар сарайларында, лицейлерде, гимназияларда, көркемсурет мектептері мен колледждерінде жүзеге асырылады. Республикамыздың облыс және аудан орталықтарында 70-тен астам бастапқы білім беретін көркемсурет мектептері жұмыс істейді. Алматы қаласында Республикалық көркемсурет колледжі ашылған (1988). Бұлар Қазақ мемлекеттік өнер академиясының құрамына енеді. Балалар суретін дамыту мемлекет тарапынан да қолдау табуда. Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың тапсырмасымен дарынды балаларды қолдайтын мемл. “Дарын” бағдарламасы қабылданды (1996). Балалар суреті — өнер мен мәдениеттің құрамдас бөлігі. Осыған орай әр елдерде Балалар суреті көрмелері, дүниежүздік көрмелер ұйымдастырылады. Қазақстанда 1945 жылдан Балалар суретінен көрмелер ұйымдастырылып келеді. Қазақстанда балалардың суреттері жинақталған 2 томдық кітап жарық көрді (1999). Балалардың қабілеті мен білімін дамытуға арналған оқулықтар, әдістемелік құралдар, сурет дәптерлері жасалған. Орта мектепке арналған “Бейнелеу өнері” оқулығы қазақ, орыс және ұйғыр тілінде жарық көрді (1997).<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Балалар суреті|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}