Бала Ораз Өтебайұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:50, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Бала Ораз Өтебайұлы<ref>“Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref> (1837, Атырау өңірі, Жем бойы — 1882, қазіргі Махамбет ауданы Мырзалы-Балпан мекені) — айтыс ақыны, әнші. Әкеден жастай жетім қалып, жалшылық өмір кешеді. Өсе келе өнер қуып Жем, Жайық, Ойыл, Қобда, Торғай, Нарын құмы, Сыр бойы елдерін аралап, ақындық аты ерте шыққан. Шыншыл, турашылдығы үшін қуғын-сүргін көп көрген. Мұрат, Құлманбет, Жібек, Алма қыз, Тама Досжан ақындармен айтысқан. Бала Ораздың Алма қызбен қағысуы қыз бен жігіт айтысы үлгісінде, әзіл-қалжың, сөз жарыстыру, көңіл-күй әуеніне құрылған. Оның ақындық дарыны Мұратпен, Жібек қызбен, Құлманбетпен айтыстарынан танылады. Жібекпен айтысында ел қорғаған батырларды жырлайды, айтыс желісінен Ресей үкіметінің отарлау саясатына, ұрда-жық төрелеріне, оларға жарамсақтанған жергілікті әкімдеріне наразылық айқын байқалады. Құлманбетпен айтысы — қазақ әдебиеті тарихындағы көркемдігі жоғары, ең үздік айтыстардың бірі. Тойбастар, арнау өлеңдерінде ерлікті, елдікті толғап, өмірдегі жағымсыз істерді жалтақсыз әшкерелеген. Ол әйгілі әнші Мұхитпен қатар жүрген, өзіндік саз, әдемі әуені бар әнші-ақын болған.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}