Байқалдың неолит мәдениеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:30, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Негізгі кәсіптері

Байқалдың неолит мәдениеті – Байқал маңындағы аңшы, балықшы тайпалардың археологиялық мәдениеті. Негізінен обалар, біразы мекендер орны. А. П. Окладников Байқалдың неолит мәдениетін бірнеше кезеңге бөлді. Хинь кезеңінде (мезолиттен ауысқан кезең, б.з.б. 5 мың жылдық) садақ, жебе пайда болды. Исаков кезеңінде (б.з.б. 4 мың жылдық) сланецтен жасалған жебелер мен жонғыштар, сүйектен істелген көптеген бұйымдар, сыртына тоқыма тордың ізі түсірілген түбі шұңғыл қыш ыдыстар қолданылды. Серов кезеңі (б.з.б. 3 мың жылдықтың 1-жартысы) – неолит аңшылық мәдениетінің гүлденген шағы; ит қолға үйретілді. Садақтың күрделі түрлі, сүйектен жасалған доғал жебе, балықтың, бұланның мүсіндері, антропоморфтық бейнелер жасалды. Осы кезеңде жартастарға тамаша сурет салып, түрлі өрнектер басылған (тоқыма тор көрінер-көрінбес) дөңгелек түп қыш ыдыстар пайдаланылды. Китой кезеңінде (б.з.б. 3 мың жылдықтың 2-жартысы – 2 мың жылдықтың басы) балық аулау халықтың негізгі кәсібіне айналды. Батыс, Шығыспен байланыс күшейді. Тас пен сүйектен құрастырылған қармақтар, сүйектен жасалған ұзын қанжарлар пайда болды. Нефрит кең қолданыла бастады. Ыдыстар кейде гүл тәжі тәрізді жасалған. Өлікпен бірге азды-көпті заттар қоса көмілді. Әдетте өліктің үстіне қызыл жоса себілді. <ref>Қазақ Совет Энциклопедиясы. Алматы қаласы,1976 ж. 3-том, 87-бет </ref>

Дереккөздер

<references/>