Ақтас қыстағы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:05, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Ақтас қыстағы — 17-19 ғ-лардағы мекен-жайлар. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының оңтүстік-батысында 5-6 км жерде, Сырдарияның оң жағалауында орналасқан.


1970 ж. археолог С.Жолдасбаев зерттеген. Қыстақ ортасында қызыл кірпіштен бір күмбезді мешіт салынған. Солтүстік-батысында қорым бар. Одан 100 м жерде кірпіш күйдірген ошақ орны байқалады. Қазба жұмысы кезінде екі үйдің орны ашылды. Саз балшықтан соғылған. Қора жайлары тұрғын үйлерге жалғас салынған. Әріректе 20-дан астам тұрақ-жайдың төбе болып жатқан орындары байқалады. Қыстақ тұрғындары мал және егін шаруашылығымен айналысқан. Түрлі темір бұйымдар, табақшалар, кетпен сынықтары т. б. табылды.<ref>"Қазақ Энциклопедиясы"</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}