Ақсақалдар Соты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:47, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Ақсақалдар соты — дәстүрлі қазақ қоғамында қалыптасқан билік институты, ежелгі құқықтық реттеу пішімдерінің бір түрі. Тілі мен діні, тағдыры мен тарихы — бір, мәдениеті мен тұрмысы — ортақ тайпалардың бір-бірімен араласуының, тайпалық ерекшеліктері жойылып, ұлттық ұйысу процесіне аяқ басуы кезінде қазақ халқының саяси-әлеуметтік, экономикалық тұрмысы ғана емес, құқықтық мәдениеті мен санасы да саралана түсті. 8-9 ғ. халықтық танымға ислам дінінің енуі ерекше рухани-мәдени құбылыс болды. Ежелден келе жатқан құқықтық қағидалар мұсылмандық құқықпен астасып, елеулі қоғамдық мәнге ие болды. Осы кезеңдерде Ақсақалдар сотының рөлі арта түскен. Ақсақалдар соты халықтың дәстүрлі құқықтық мәдениетіндегі “ата-баба жолы”, “жөн-жосық”, “жол-жоралғы”, “кәде-қаумет” секілді қалыптасқан қағидалы ұғымдарды мансұқ етпей, ел ішіндегі дау-дамай, талас-тартыстарды шешу, төрелік уәж айту барысында шариғат заңдарымен ұштастыра, икемді түрде пайдаланып отырған. Ақсақалдар сотының ережелері жөн-жосық, жол-жоралғы, реттерге т.б. бөлініп, ауыздан ауызға, ұрпақтан ұрпаққа тарап, сақталып келген. Көпті көрген, көкірегі сергек ру ақсақалдары даулы, қайшылықты мәселелер туындаған ретте кеңес құрып, осы ережелерге сәйкес мәселенің ортақ шешімін, пәтуалы бітімін тапқан, кесімді уәжін айтқан. Қазақ қоғамында заң шығарушылық қызмет міндетін атқарған Ақсақалдар соты билер төрелігінің, ресми сот билігінің ықпалы артуына байланысты бастапқы мәнін жоғалтып, тек ағайын-туыс арасындағы отбасылық-тұрмыстық мәселелердің шешімін табумен ғана шектеліп қалған.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ақсақалдар Соты|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}