Ақлима Бисенқызы Бисенова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:38, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Бисенова Ақлима Бисенқызы (1914 ж.т., Павлодар облысы Баянауыл ауданы) — ғалым, қоғам қайраткері, медицина ғылымының кандидаты (1965). Қазақстанда денсаулық сақтау ісін ұйымдастырушы қазақ әйел дәрігерлерінің бірі, Қазақстанның еңбегі сің. дәрігері (1957). Мәскеу медицина техникумын (1932), Алматы мемлекеттік медицина институтын (1938) бітірген. 1934 — 39 ж. Жамбыл облысында Талас ауданының Ақкөл ауылында аудандық аурухана меңгерушісі, 1939-43 ж. Республикалық фельдшерлік-акушерлік мектептің директоры, 1943-59 ж. Қазақстанның Денсаулық сақтау министрінің орынбасары, 1959-80 ж. Ана мен баланы қорғау институтының (қазіргі Педиатрия және балалар хирургиясы ғылымы орт.) директоры болды. Бисенова Ақлима Бисенқызы - Қазақстанда алғаш рет мамандандырылған ревматология, шала туған нәрестелерді жетілдіру бөлімдерін ашты. 2 мәрте "Еңбек Қызыл Ту" және “Құрмет Белгісі” ордендерімен марапатталған.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ақлима Бисенқызы Бисенова|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}