Ақжол би

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:56, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Ақжол би, Дайырқожа (туған жылы белгiсiз - шамамен 1459 жылы қаза болған ) - Әбiлхайыр хан кезiндегi атақты би. Дештi Қыпшақтың әйгiлi ақындарының бiрi Қотанның ұлы. Өз аты Дайырқожа, барлық мәселелердi әдiл шешкенi үшiн Ақжол би атанған. Ауыз әдебиетi деректерi бойынша Ақжол би мен Қобыланды батыр арасында дау -жанжал туып, Қобыланды Ақжол бидi өлтiрген. Бұған наразы болған Қотан бастаған арғындар Ақ Орда ханы Әбiлхайырдан бөлiнiп, Жетiсуға көшедi. Кейбiр зерттеулер бойынша Керей және Жәнiбек сұлтандардың қарамағындағы ұлысымен Моғолстанға кетуiне осы оқиға себеп болған. Қотан бидiң баласы Ақжол биге айтқан жоқтауы ("Қарақыпшақ Қобыландыда нең бар едi,құлыным!") әдеби мұра болып бүгiнге дейiн жеткен.


Дереккөздер

<references/>