Ағытай Мұратұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:56, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Ағытай Мұратұлы (т.-ө. ж. б.) – 19 ғ-да өмір сүрген белгілі би.

Әкесі Мұрат Күнтуарұлы қайтыс болғанда Ағытай екі жаста, ағасы Пышан 17 жаста екен. Халық аузында оларды Пышан-Ағытай, Ағытай-Төребай деп атайды. Пышан сардар 1830 – 35 ж. А. 1856 – 57 ж. ел билігіне араласа бастайды. А. 1878 ж. өткен Қазалы уезіндегі билер кеңесіне, 1885 ж. Қазалы мен Перовск уезі қазақтары арасындағы жер дауын қараған съезге қатысып, мәселенің дұрыс шешілуіне үлес қосқан. 1851 жылдары Хиуадан қашып келген Елікей сұлтанға көмектескен. Алтын мен Найман (Ақтазы) арасындағы құдыққа таласып, адам өлімі болған дауды жанжалсыз әділ шешіп берген. 1857 ж. Қазалы уезінде тұратын Әлімдер мен Шөмекейлер арасындағы жер дауын шешуге Әлімдер жағынан Жетес би, Бекетай би, Құлбарақ батыр, Шөмекейден Пышан, Қалдан, Бақа, т.б. қатысып, А. билер кеңесін жасай отырып шешкен.

1891 жылдар шамасындағы Қазалы мен Ырғыз уезі қазақтарының арасындағы жер дауы да Ағытайдың араласуымен оң шешімін тапқан. А-ға Балқы Базар, Дүр Оңғар, Т.Ізтілеуов, Тұрымбет жыраулар өз жырларын арнаған. 64 жасқа қараған шағында қайтыс болып, «Жіңішкеқұм» маңында жерленген. «Ағытай жайлауы», «Ағытай қыстауы», «Ағытай құдығы» атты жер атаулары бар.<ref>"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ағытай Мұратұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}