Ағыбай Қоңырбайұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:52, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Тұлға Ағыбай Қоңырбайұлы, Ағыбай батыр (1802-1885) — қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күрескен әйгілі батыр, қолбасшы. Қазақ ханы Кенесары Қасымұлының Ресей отаршылығына қарсы жүргізілген көтеріліс басшыларының бірі.

Қысқаша өмірбаяны

Ағыбай батыр жорықта жолы болғыштығы үшін «Ақжолтай батыр» атанған. Сарбаздары Абылай есімімен қатар Ағыбай батырды да ұранға айналдырған. Ағыбай батыр 1824 ж. Қарқаралы аймағында Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы көтеріліске белсене араласты. 1826-1849 ж. аралығында Ресей империясының Қарқаралы, Ақтау, Ақмола бекіністеріне шабуыл жасап, патша әскерлерін Ырғыз, Тобыл өзендері бойындағы ұрыстарда, Қызылжар, Көкшетау шайқастарында ойсырата жеңген. Қырғыз манабы Орманға қарсы соғыстарда ерекше ерлік көрсеткен. 1847 ж. Кенесары ханның Кекілік тауындағы қырғыздармен ұрысында Наурызбай батырмен бірге дұшпан шебін бұзып еткен. Кенесары өлгеннен кейін де Ресей өктемдігіне қарсылығын тоқтатпай, Сыздық төре қолы құрамында соғыс жүргізген. Ағыбай батырдың мазары Сарыарқа мен Бетпақдаланың шектескен Тайатқан-Шұнақ деген жерінде, сонда жерленген.

Ағыбай батыр қазақ әдебиетінде

Кенесарының бас батыры Ағыбай батырдың өмір жолы қазақ тарихшылары мен қаламгерлерінің шығармаларына арқау болған. 19 ғасырдың аяғында «Ағыбай батыр» киссасы шықты. Ағыбай Нысанбай жыраудың «Наурызбай-Қаншайым» жырының, I. Есенберлиннің «Қаһар» романының бас кейіпкері.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref> 1914 ж. Есім төренің көмегімен Әлихан Бөкейханов Қазан қаласынан «Қызыл қайнар Тектұрмас» деген кітабын шығарды. Сәкен Сейфуллин «Ақжолтай батыр» деген роман жазған. 1992 ж. Айыртау-Сопыда батырдың туғанына 190 жыл толуына байланысты республика дәрежесінде үлкен той етті. Ұрпақтары Ағыбайға үлкен кесене салды. Ол 1980 ж. күрделі жөндеуден өтіп, басына құлпытас қойылды.<ref>Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер