Аушы құстардың сыны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

12:31, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Аушы құстардың сыны - Бүркіт - ердің серігі. Ол ерлік, өжеттілік, қайраттылықтың символы. Бүркітке байланысты наным-сенімдер, әдет-ғұрыптар, ырымдар оны қолға түсіріп, ұстап әкелгеннен кейін-ақ басталады. Бүркіттің басы, көзі, қанаты, көзқарасы мен мінезі, дене бітімі, езуі, жемсауы, айыр сүйегі және дене буындарына қарай оның сыны айтылады. Буркіттің мусіні, дене бітіміне, сыртцы турпатына щараймынадай сын айтылады: ұзын құс, кербез құс, жапырақ құс, төртбас құс, домалақ құс, қайық төс құс, жатаған құс, шомбал құс т.б. толып жатқан теңеулер. бұл аталған бүркіт сынына байланысты атаулардың өзіндік мәні, теңеуіне қарай құстың алғырлық қасиеттерін аңғарып білуге болады. "құс қанатымен үшып, құйрығымен қонады" деген қазақ құстың қанат бітісіне ерекше назар аударады. Әсіресе, «он екі кұйрык,, бес шалгысына», яғни он екі дана құйырық қауырсыны мен қанатының ең қарулы бес шалғысына ерекше мән береді. құстың үшуын тежеп, кенеттен тоқтатуын құйрық шалғы атқарады. Қаршыға, түйғын тәрізді құстардың құйрығы ұзынырақ келетіні сондықтан. Аң алатын құстардың құйрық шалғысы 12-ден кем болса (13 болса жақсы делінеді) үшуға олақ, қимылы орашолақ, өзі қорғалақ, ебедейсіз қимылдайтын болады.<ref>Саятшылық қазақтың дәстүрлі аңшылығы. - Алматы: "Алматыкітап", 2007. - 208 бет, суретті. Б. Хинаят, Қ.М. Исабеков. ISBN 9965-24-813-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}