Асқар Алтынбекұлы Құлыбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:32, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Құлыбаев Асқар Алтынбекұлы (1.7.1937 ж.т., Алматы қ.) – техникалық ғылым докторы (2003). ҚР және Халықаралық инж. академиясының акад. (1992), Қазақстанның құрметті инж. (2001). Қазақ мемл. а. ш. институтын (1961, қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті), Қазақ политех. институтын (1975, қазіргі Қазақ ұлттық тех. университеті) және Алматы жоғары партия мектебін (1981) бітірген. Алматы қаласындағы құрылыс мекемелерінде инж., басшылық қызметтерде (1961–83) болды. Алматы қалалық атқару к-тінің төрағасы (1983–85),Гурьев (қазіргі Атырау) облысы партия к-тінің 1-хатшысы (1985–90), Республика мемлекеттік құрылыс к-ті төрағасының 1-орынбасары, төрағасы (1990–93), ҚР Тұрғын үй және құрылыс министрі (1993–94 және 1995–97), ҚР Мин. Каб. жанындағы Материалдық қорлар жөніндегі мемлекеттік к-т төрағасы (1994–95), ҚР Энергетика, индустрия және сауда мин-лігіне қарасты Тұрғын үй және құрылыс саясаты к-тінің төрағасы (1997–98) қызметтерін атқарған. 1998 жылдан «Жібек жолы – Қазақстан ұлттық компаниясы» АҚ-ның президенті. «Новые ресурсосберегающие технологии модицированных строительных материалов» тақырыбында докт. дисс. қорғады. ҚР Мемл. (2003), ЮНЕСКО-ның Халықар. сыйлықтарының лауреаты. «Отан» (1997), Халықтар достығы, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған. <ref>“Қазақ Энциклопедиясы”</ref>

Дереккөздер</span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Асқар Алтынбекұлы Құлыбаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}