Асаубай Жәдігерұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:55, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Асаубай Жәдігерұлы, Қанжығалы Асаубай (т.-ө.ж.б.) — белгілі шешен, би. Арғын тайпасының Қанжығалы руынан шыққан. Арқадағы Қорқылдақ көлінің төңірегін қоныс еткен. Ш.Уәлихановтың әкесі Шыңғыс төренің замандасы. А. қара қылды қақ жарған әділ де сыншыл ақын болған. Табан астында шығарып айтқан өлеңдері Махамбет, Ақтамберді сияқты өр мінезді, орақ тілді ақындар шығармаларымен сарындас. Оның Шыңғыс төреге, Абылай тұқымынан шыққан Ахмет биге, керей Бекентай байға, Жарқын биге, қарабалық Күлік байға, Омар төреге т.б. айтқан сөздері ұшқырлығымен, жігерлілігімен ерекшеленеді. Ақын қашан да тұрмысы нашар әлеум. топтың сөзін сөйлеп, жоғын жоқтаған. А. жырлары, суырып салма сөздері респ. баспасөздерде, “Қазақтың би-шешендері” (1993) жинағында жарияланған. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Асаубай Жәдігерұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}