Арғынбай Жұмажанұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:49, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Арғынбай Жұмажанұлы - Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында Тұлба көлінің жағасында туған. Қазақ орта мектебін, 1954 жылы Алматыдағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. моңғолия қазақ баспасында корректор, орта мектепте мұғалім, директор, аймақтық оқу бөлімінің бастығы, «Жаңа өмір» газетінің бас редакторы, ғылыми қызметкер сияқты жұмыстар атқарған.

Шығармашылығы

«Тақпақтар», «Ертіс шындығы», «Өлеңдер мен әңгімелер», «Біздің өлкеде», «Меңдікөл», «Өмір сызған өрнектер» кітаптары қазақ тілінде, «Меңдісүлу», «Адам туралы аңыз» кітаптары моңғол тілінде жарық көріп, бірқатар шығармалары орыс, украин, болгар, тува, алтай тілдеріне аударылған. « Талаптылар », « Ертіс жырлары », « Бірлестікшілер », « Сандуғаш » пьесаларының авторы. 1979 жылғы Моңғолия Жазушылар одағы сыйлығының иегері. Моңғолияның «Еңбек Қызыл Ту», Алтын Жұлдыз ордендерімен, көптеген медальдарымен марапатталған. 1992 жылы Қазақстанға қоныс аударған.

Марқұмның құлпытасына өзінің "Қоштасу" деген өлеңінен мынадай бір шумақ қашалған:

Ұрпақ бердің ұлтыма айтып барам,

Өнер бердің, жыр төгіп шалқып барам.

Кешір мені туған жер — Моңғол елім,

Пендемін ғой, қаныма тартып барам!

Ол орта мектепте мұғалім, директор, аймақтық оқу бөлімінің меңгерушісі, аймақтық партия комитетінің хатшысы, "Жаңа Өмір" газетінің редакторы, қатарлы қызметтерді абыроймен атқарып, құрметті демалысқа шыққан. Моңғол Халық Республикасы халық ағарту ісінің үздігі, 1950 жылдан Моңғолия Жазушылар одағының, 1971 жылдан Моңғолия Журналистер одағының, 1993 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, көрнекті жазушы драматург, Моңғолия Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты. Өлең, дастан, драмалық шығармаларының он шақты жинағы қазақ тілінде, төрт кітабы моңғол тілінде басылған. Шығармалары орыс, украин, болгар, тува, алтай тілдеріне аударылып жарық көрген. "Талаптылар мен табынушылар", "Ертіс әуендері", "Бірлестікшілер", "Сандуғаш" пьесалары театр сахнасында қойылып, "Шайқас алдында", "Домбыра әуендері" атты көркем және деректі фильм сценарилері кино болып шыққан. Моңғолия Үкіметі Арғынбай Жұмажанұлының ұстаздық және жазушы-журналистік еңбегін жоғары бағалап, "Еңбек қызыл ту", "Алтын жұлдыз" ордендерімен және мерекелік медалдармен марапаттаған. "Көшпенділер (фильм)" фильмінде айтылатын "Балапан қаз" әнінің сөзін жазған осы Арғынбай Жұмажанұлы.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}