Арыстанбек Мұхамедиұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:39, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Арыстанбек Мұхамедиұлы (1963 жылы 11 ақпан күні Алматы облысы Талғар ауданы) - Қазақстанның мәдениет министрі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері. Бірнеше мәрте ҚР Президенті Н.Назарбаевтың алғыс хатымен марапатталған. Мәдениет саласында «World master» жоғары атағына ие.

Өмірбаяны

Өзінің еңбек жолын 1984 жылы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының мемлекеттік симфониялық оркестрінің артісі болып бастаған. 1991-1993 жылдары аралығында Мәдениет министрлігінде маман болды. 1993 жылы ҚР Мәдениет министрінің көмекшісі болып тағайындалды. Әр жылдары ҚР Президентінің оркестрінде қызмет атқарды. Сонымен қатар «Қазақ әуендері» АҚ-на басшылық етті.

2006 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі болып жұмыс жасады. Сондай-ақ ол ҚР Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің мәдениет секторының меңгерушісі болған.

2008 жылдан бері Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры қызметін атқарған.

2014 жылғы 14 наурыздан - ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Жарлығымен ҚР Мәдениет министрі қызметіне Арыстанбек Мұхамедиұлы тағайындалды.

2014 жылғы 12 тамыздан Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Үлгі:Бақытжан Сағынтаевтың министрлер кабинеті Үлгі:Кәрім Мәсімовтың министрлер кабинеті (2016 жыл 6 мамыр) Үлгі:Кәрім Мәсімовтың министрлер кабинеті (2014)