Археоптерикс

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:28, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Археоптерикс (Үлгі:Lang-la; Үлгі:Lang-el — ерте, Үлгі:Lang-el — қауырсын) — қаңқа қалдығы қазбадан 1861, 1877 және 1956 жылдары Алманияда табылған алғашқы құстар өкілі. Оның дене мөлшері кептерден сәл ғана үлкендеу, массасы шамамен 150-300 г тең болған. Денесін майда қауырсындар мен қабыршақтар қаптап жатқан. Алдыңғы аяқтары қанатқа айналған, жауырыны қылыш тәрізді, бұғаналары өзара доға тәрізді бірігіп кеткен. Омыртқа бағаны 50 омыртқадан (10-11 мойын, 11-12 көкірек, 2 бел, 6-7 құйымшақ, 20-21 құйрық омыртқалардан құралған) тұрған. Қабыртқаларында бүйір өсінділері болмаған. Бас сүйек пен артқы аяқтың қаңқасы қазіргі құстар қаңқасына ұқсас, бірақ, жақ сүйектерінде майда конус тәрізді тістері болған. Алдыңғы аяғы қанатқа ұқсағанмен, қаңқасының құрылысы бауырымен жорғалаушылар сүйектеріне ұқсас . Ауалы сүйектер болмаған. Археоптерикс дене құрылысының қазірғі құстар мен бауырымен жорғалаушыларға ұқсастығықұстардың бауырымен жорғалаушылардан (рептилийлерден) шыққандығының дәлелі.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Археоптерикс|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}