Артқы аяқ қаңқасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:28, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Артқы аяқ қаңқасы (Үлгі:Lang-grc; Үлгі:Lang-grc — қаңқа, Үлгі:Lang-la - аяқ, Үлгі:Lang-la - жамбас, - жануарлардың артқы аяқтарының сүйектерінен тұрады. Артқы аяқ қаңқасы өз кезегінде екі бөлімнен: жамбас белдеуінің қаңқасы мен еркін қозғалатын бөлім қаңқасынан құралған. Барлық жануарларда артқы аяқ жамбас белдеуінің қаңқасын (Үлгі:Lang-grc): жамбас сүйек (тазовая кость — Үлгі:Lang-grc) құрайды. Ол өз кезегінде бір-бірімен тұтаса байланысқан мықын сүйектен (подвздошная кость — Үлгі:Lang-grc), шонданай сүйектен (седалищная кость — Үлгі:Lang-grc) және шат сүйектен (лонная кость — Үлгі:Lang-grc) тұрады. Артқы аяқ еркін қозғалатын бөлімінің қаңқасы (Үлгі:Lang-grc) өз кезегінде үш бөліктен: жоғарғы (проксимальды) бөліктен, ортаңғы бөліктен және төменгі (дистальды) беліктен құралған. Проксимальды бөліктің (stylopodium) қаңқасын - ортан жілік (бедренная кость — Үлгі:Lang-grc), ортаңғы бөліктің (Үлгі:Lang-grc) қаңқасын — сирақ сүйектері, дистальды бөліктің (Үлгі:Lang-grc) қаңқасын — артқы аяқ басының сүйектері құрайды. Сирақ сүйектеріне (кости голени — Үлгі:Lang-grc): асықты жілік (болыная берцовая кость — Үлгі:Lang-grc) және шыбық сүйек (малая берцовая кость — Үлгі:Lang-grc) жатады. Артқы аяқ дистальды бөлігінің қаңқасын — артқы аяқ басының қаңқасы (скелет стопы — Үлгі:Lang-grc) деп атайды. Ол өз кезегінде үш қатар орналасқан бөліктерден: жоғарғы қатардағы — негізгі бөліктен (Үлгі:Lang-grc), ортаңғы қатардағы — аралық бөліктен (Үлгі:Lang-grc), төменгі қатардағы — соңғы бөліктен (Үлгі:Lang-grc) құралған. Негізгі бөліктің қаңқасын — тілерсек сүйектері (кости заплюсны — Үлгі:Lang-grc), аралық боліктің қаңқасын — артқы жіліншік сүйектері (кости плюсны — Үлгі:Lang-grc), соңғы бөліктің қаңқасын - бақай (башпай) сүйектері (кости пальцев — Үлгі:Lang-grc) құрайды. Тұяқты жануарларда бақай сүйектері үш бунақтан (фалангадан): жоғарғы бунақ — тұсамыс сүйектен (путовая кость — Үлгі:Lang-grc), ортаңғы бунақ — топай сүйектен (венечная кость — Үлгі:Lang-grc), төменгі бунақ — тұяқ сүйектен (копытная кость, копытцевая кость — Үлгі:Lang-grc) құрайды. Итте төменгі бунақ сүйегі — тырнақ сүйек (когтевая кость — Үлгі:Lang-grc) деп аталады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Артқы аяқ қаңқасы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}