Артерия-веналық жалғама

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:27, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Артерия-веналық жалғама (Үлгі:Lang-grcҮлгі:Lang-grc; Үлгі:Lang-grcҮлгі:Lang-grc — артерия-веналық; Үлгі:Lang-grc — жалғама) — микроайналым арнасы тамырларының (артериолалардың, венулалардың, капиллярлардың) қатысуынсыз, артериялар мен веналардың тікелей жалғасуы. Артериялар мен веналарды тікелей өзара жалғастыратын тамырлар: шумақша тамырлар және түйықтағыш артериялар болып екі түрге бөлінеді. Бұлардың құрылысы бір-біріне ұқсамайды. Шумақша тамырлардың қабырғаларында эластинді жарғақ болмайды. Олардың қабырғасы тек екі қабаттан: ішкі эндотелийден және сыртқы жүйке ұштарына бай эпителий ұлпасы тәрізді түрөзгерісіне ұшыраған қалың етті қабаттан тұрады. Шумақша тамырлардың арнасы бір немесе бірнеше жұқақабырғалы веналарға ашылады. Бұлардың қабырғаларында сезімтал жүйке ұштары (барорецепторлар мен хеморецепторлар) көптеп орналасады. Бұған қоса шумақша тамырлардың қабырғалары қан тамырларының қызметіне ықпалын тигізетін белсенді химиялық заттарды да бөледі. Артерия-веналық жалғама қызметін атқаратын тамырлардың екінші түрі — иректеліп келген түйықтағыш артериялар. Бұлардың ішкі қабығы — интимада үзынынан орналасқан, тым жақсы жетілген ет миоциттерінің қабаты болады. Осы ет қабатының жиырылуы немесе босаңсуы нәтижесінде түйықтағыш артериялардың арналары кеңейіп-тарылып, кейде тіптен толық қысылып, бітеліп те қалуы ықтимал. Олардың арналары толық ашылған кезде қан артериялардан тікелей веналарға ағып өтіп, артериялардағы қан қысымының төмендеуіне және жүрекке баратын вена қанының аз да болса оттегпен қанығуына ықпалын тигізеді.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Артерия-веналық жалғама|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}