Аркен Кеңесбекұлы Арыстанов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Арыстанов Аркен Кеңесбекұлы
Мазмұны
Қысқыша Өмірбаяны
Қазақстан Республикасының Алматы қаласы аймақтық қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі агенттігінің төрағасы.
М.В. Ломоносов атындағы ММУ-ді бітірген, 1991 ж. ММУ аспирантурасын бітірген, экономист. Экономика ғылымдарының докторы (2004).
1992-93 жж. - «Қазақстан-Коммерция» бас маманы, «Казхлебопродукт» мемлекеттік концернінің СЭБ бөлімінің бастығы.
1993-94 жж. - ҚР Экономика министрлігі жанындағы Шетелдік инвестициялар жөніндегі Ұлттық агенттігінің басқарма бастығы. 1994-96 жж. - ҚР Ұлттық банкінің валюталық реттеу және халықаралық қаржы ұйымдары департаменті директорының орынбасары, халықаралық қатынастар департаментінің директоры. 1998-2000 жылдары - «Қазақстан халықтық жинақ банкі» ААҚ Алматы облысы филиалы директорының 1-ші орынбасары, несие тәуекелдері департаментінің директоры, басқарушы директоры, Басқарма төрағасының кеңесшісі. 2000 ж. - «Қазпочта» ААҚ Басқарма төрағасының орынбасары, төрағасы. 2000-06 жж. - «Қазпочта» АҚ Басқарма төрағасы.
2006 жылдан - Қазақстан Республикасының Алматы қаласы аймақтық қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі агенттігінің төрағасы. «Құрмет» орденімен марапатталған (2005).<ref>Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006 ISBN 9965-9865-5-X</ref>
«Қазақстан Республикасының темір жолына 100 жыл» (2004), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен; ҚР Кәсіподақтар федерациясының (2002) Байланыс саласындағы аймақтық достастықтың (2004) құрмет грамоталарымен марапатталған. ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің алғысымен ескерілген (2002)
Әскери атағы
Әскери атағы - лейтенант.
Діни көзқарасы
Діни көзқарасы - сопылық.
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Ф. Рузвельт.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Тұрақты және өркендеп келе жатқан мемлекет».
Хоббиі
Хоббиі - кітап оқу.
Сүйіп оқитын әдебиеті
Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи мемуарлар.
Үй жағдайы
Үйленген. Жұбайы - Бабаева Индира Сәбитқызы, экономика ғылымдарының кандидаты, «Sweet Home» декор студиясының арт-директоры. Қыздары - Арыстанова Әзиза Әркенқызы (1993 жылы туған), Арыстанова Женева Әркенқызы (1998 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<References/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}