Аран

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:27, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Аран немесе ауызжұтқыншақ — ас (азық) қорыту жүйесінің дененің бас аумағында орналасқан бөлімі. Ауызжұтқыншақ екі бөлімнен: ауыз қуысынан және жүтқыншақтан тұрады. Ауыз қуысын (Үлгі:Lang-grc, Үлгі:Lang-grc — қуыс, Үлгі:Lang-grc — ауыз) — жоғарғы және төменгі ерін, ұрт, тіс, қызыл иек, қатты және жұмсақ тандай, тіл, сілекей бездері құрайды. Ауыз қуысында ас механикалық өндеуден (шайнау, сілекеймен жібіту, араластыру) өтеді және сілекей ферменттерінің әсерінен қорытыла бастайды. Жұтқыншақ (Үлгі:Lang-la) — пішіні қүйғышқа (воронкаға) ұқсаған етті-жарғақты түтікше ағза. Ол ауыз қуысын өңешпен жалғастырып, ауыз қуысында өндеуден өткен асты (азықты) өңешке еткізеді. Жұтқыншақтың қабырғасы үш қабық тан: ішкі - кілегейлі қабық тан, ортаңғы — етті қабық тан, сыртқы - адвентиция кабығынан құралған. Жұтқыншақ — ас қорыту және тыныс алу жүйелеріне ортақ мүше. Оның ішкі кілегейлі қабырғасында ас (азық) және ауа жүретін екі жол айқасып орналасады. Ас (азық) жолының кілегейлі қабығы көпқабатты жалпақ эпителиймен, ал тыныс жолы — бірқабатты кепқатарлы кірпікшелі эпителиймен астарланған. Ас (азық) жұтылған кезде тыныс жолы — мұрын қуысы жағынан жұмсақ таңдаймен, көмекей тесігі — көмекей бөбешігімен (тілшікпен) жабылады. Ас (азық) жұтылғаннан соң, жүмсақ тандай төмен түсіп, бөбешік (бөбешіктің негізін серпімді шеміршек құрайды) алға қарай серпіліп, ауа жүретін тыныс жолы ашылады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Аран|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}