Аралық дақыл

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

13:36, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Аралық дақыл – ауыспалы егістегі негізгі дақылдардан уақытша бос қалған жерге егілетін дақыл. Аралық дақылды ауа райы мен өсімдіктің биол. ерекшелігіне байланысты ерте пісетін дақыл өнімі жиналғаннан кейін ауа температурасы 5°С-тан жоғары болатын аймақта егеді. Қазақстанда жаздық бидайды, тарыны жинап алғаннан кейін 104 – 187 күн, күздік бидайдан кейін 84 – 167 күн, арпадан, сүрлемдік жүгеріден кейін 124 – 187 күн жылы болады да, олардың орнына Аралық дақыл егіледі. Аралық дақылға негізінен судан шөбі, жоңышқа, жүгері, жаздық сиыржоңышқа, т.б. жатады. Олар топырақтағы органикалық заттар мөлшерін көбейтеді, оның физикалық, химиялық құрамын жақсартады және ылғалдылығын сақтайды. Аралық дақыл көбіне Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облысы және Қызылорда облыстарында егіледі. <ref name=source1>Қазақ энциклопедиясы I том</ref>

Сілтемелер

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Аралық дақыл|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}