Аплит

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

11:02, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Сурет:Mineraly.sk - aplit.jpg
Аплит кесегі

Аплит (грекше – қарапайым, жай) лейкократты (ашық түсті) шомбал, ұсақ түйірлі дайкалық жыныс. Түсі қызғылттан аққа дейін болады. Аплиттер, негізінен, сиалдық минералдардан (калишпаттан, плагиоклаздан, кварцтан, нефилиннен) тұрады. Олар құрамына қарай габбо-аплит, диорит-аплит, гранит-аплит, сиенит-аплит болып ажыратылады. Олардың ішінде ең кең тарағаны – гранит-аплит аплит ұшпалы құраушыларынан айырылған қалдық магмалардың кристалдануынан түзіледі. Ол керамика өндірісінде қолданылады.