Антидиурездік гормон

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:27, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Антидиурездік гормон (Үлгі:Lang-grc — қарсы; Үлгі:Lang-grc — зәр бөлу) — гипоталамустың алдыңғы бөлімі көруүсті ядросының (супраоптикалық ядроның) ірі мультиполярлы холинергиялық нейроциттері бөлетін нонапептидгік нейрогормоны. Антидиурездік гормонының қызметі парасимпатикалық жүйке жүйесінің қызметіне сәйкес келеді, яғни ол организмдегі тамырлардың бірыңғай салалы ет ұлпасы қабық тарының жиырылуына, сөйтіп, олардың арнала- рының тарылуына әсер етеді. Сондыктан, антидиурездік гормонды вазопрессин (тамыртарылткыш) деп те атай- ды. Тамыртарылткыш гормон қан тамырларының қабырғасын тарылтып қысу арқылы қанның қысымын арттырады, бүйрек нефрондарының төменгі өзекшелері (дистальды бөлімі) мен жинағыш түтікшелері кабырға- ларын астарлайтын эпителиоциттердің өткізгіштігін күшейтіп, алғашқы несеп (зәр) құрамындағы судың бүйрек тамырларына қарай кері сорылуына ықпал етіп, зәрдің бөліну мөлшерін азайтады да, организдегі судың алмасуын реттеуге қатысады. Вазопрессин гормоны- ның жетіспеушілігі — организмді қантсыз сусамыр (диа- бет) ауруына (зәрдің қалыпты мөлшерден көп бөлінуіне әсер етеді) шалдықтырады. Антидиурездік гормон - супраоптикалық ядро нейропитгерінен бөлінгеннен ке- йін, гипоталамустың алдыңғы бөлімі нейроциттерінің аксондары бойымен жылжып ағып, гипоталамустың медиальды дөңесі мен гипофиз аяқшасы арқылы гипофиздің артқы бөлігі — нейрогипофиздің қан капиллляр- лары қабырғаларымен жанаса орналасқан ұсақ жина- ғыш денешікгерде (Херринг денешіктері) жиналып, қажетгі мөлшерде қанға өтіп отырады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Антидиурездік гормон|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}