Аномалия

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:27, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

I. Аномалия (Үлгі:Lang-grc — ауытқу) — қалыпты жағдайдан және жалпы заңдылықтан ауытқу, бұрыстық.

  1. Геологияда— табиғаттағы құбылыстың әдеттегі немесе теория бойынша болжанған шамадан күрт ауытқуы. Жер қыртысының түрлі физикалық қасиеттерінің қалыпты шамадан ауытқуы геофизиялық аномалия деп, ал жер қыртысындағы кейбір химиялық элементтер мөлшерінің қалыпты шамадан ерекше көп болуы геохимиялық аномалия деп аталады.
  2. Медицинада — іштегі нәресте дамуының бұзылуы салдарынан организмнің құрылымында кездесетін вариациялық өзгерістердің шектен шығып, тұрақты морфологиялық ауытқуларға ұшырауы. Аномалия балалар арасында жиі кездеседі. Оған негізгі кемістік категориялары: есту, көру, сөйлеу жүйесінің бұзылуы, ой-өрістің артта қалуы жатады. Аномалия туа және жүре пайда болған аномалия болып екіге бөлінеді. Туа болған аномалия тұқым қуалайтын ауруларға байланысты немесе химиялық, механикалық, радиациялық т.б. әсерлерден болса, жүре пайда болған аномалия жұқпалы аурулардың (полиомелит, қызылша, менингит т.б.) салдарынан болады. Соның кесірінен балалар сақау, соқыр, мылқау, кекеш немесе ақыл-ой кемістігіне ұшырайды.
  3. Аномалия (Үлгі:Lang-grc — ауытқу) — эмбриондық дамудың бүзылуы нәтижесінде адам мен жануарлар организмдерінің немесе олардың мүшелерінің қалыпты жағдайдан құрылымдақ ауытқуы. Организмнің және оның мүшелерінің анық дамыған аномалияларын "даму ауытқулары немесе кемістіктер" — деп атайды. Қар. Тератогенез.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

II. Аномалия — құжаттамадағы немесе программа жұмысындағы, күнібұрын тексерілген программалық өнімге немесе құжаттамаға негізделген, күтілген жағдайдан ауытқуы байқалған жайттар. <ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов.

– Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>

III.Аномалия (ауытқу). Тістердің, жақ сүйек жүйесінің нормадан ауытқуы, яғни кемістігі. <ref>Стоматология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – Алматы, Қазақстан, 1991. ISBN 5-615-00789-3</ref>

Аномалияметеорологиялык элементтің орташа тәуліктік, бес күндік, айлық және тағы да басқалары шамаларының осылардай көп жылдық шамалардан ауытқуы. Мысалы, егер биылғы жылы қаңтардың орташа темлературасы Қостанай қаласында —18,5°С, ал оның көп жылдық орташа температурасы —14,8"С болса, онда биыл қаңтардағы темперагураның Аномалиясы —3,7°С болады. <ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6</ref><ref>Патологиялық анотомия терминдерінің орысша – латынша – қазақша түсініктеме сөздігі.- Ақтөбе. ISBN 9965-437-40-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Medsci-stub

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Аномалия|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}