Амангелді Құрбанұлы Саданов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Ғалым Амангелді Құрбанұлы Саданов (28 мамыр 1951 жылы, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Талап ауылында туған) — ғалым. Биололгия ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2012). ҚР Микробиология және вирусология ғылыми институтының бас директоры.
Толығырақ
Қызылорда педагогикалық институтын (қазіргі Қызылорда мемлекеттік университеті) бітірген (1979). 1982 – 94 жылдары ҚР ҰҒА Микробиология және вирусология институтында ғылыми қызметкер, микробиология лабораторияның меңгерушісі. 1994 – 2002 жылдары ҚазҰАУ-де экология кафедрасының меңгерушісі, 2002 – 04 жылдары ҚР ұлттық биотехнологиялық орталық директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. 2004 жылдан ҚР БЖҒМ «Биологиялық зерттеулер орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының бас директоры. Ғылыми еңбектері күріш өсіру алқаптарында топырақтың құнарлылығын арттыру; қарашіріктің биологиялық түзілуі мен ыдырау механизмдерін зерттеуге арналған. Зерттеу нәтижелері Жаңақорған ауданы «Түгіскен» және «Задария» кеңшарларының егістіктерінде жүргізіліп, мол өнім алған. 200-ден аса ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 7 монография, 3 оқулық, т.б. бар.
Ғылыми атақтары
- 1993 жылы Биология ғылымдарының докторы (ғылыми атағы);
- 1994 жылы профессор құрметті ғылыми атақтары берілді.
Мемлекеттік марапаттары
- 1999 жылы «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі» атағы;
- 2005 жылы «Құрмет ордені» мен марапатталды;
- 2011 жылы ебасының қолынан ғылым мен техника саласындағы «Қазақстанның мемлекеттік сыйлығы»ның лауреаты атанды;
- 2011 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі;
- 2011 жылы ебасының жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.
- Әл-фараби атындағы құрметті күміс медалімен марапатталған.
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Амангелді Құрбанұлы Саданов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}