Альцгеймер ауруы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:06, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Infobox disease Альцгеймер ауруы - деменцияның ең кең таралған түрі, 1906 жылы неміс психиатры Алоис Альцгеймер тарапынан сипатталған нейрогенеративті сырқат. Әдетте 65 жастан асқан адамдарда кездеседі. <ref>Үлгі:Cite journal</ref>.

Жасы ұлғая келе кейбір адамдар ұмытшақ бола бастайды. Қартая келе тіпті бала сияқты болып кететіндер де кездеседі. Қариялардағы бұл құбылысты біз «алжыды» деп жатамыз. Ал медицинада ол Альцгеймер ауруы деп аталады.

Адамдардың неге алжитыны туралы ең алғашқы анықтаманы 1906 жылы дәрігер Альцгеймер жариялаған екен. Дәрігердің құрметіне оның ғылыми жаңалығы өз атымен аталыпты. Ал алжудың басты себебі деп мидың шаршауы мен есте сақтау қабілетінің төмендеуі көрсетіледі. Туылғаннан бастап әр күн, сағат, тіпті секунд сайын адам миына түрлі ақпарат жинала бастайды.

Бұл ақпараттар басымызда сақталып қала береді. Осылайша бастағы «сандықша» біртіндеп тола бастайды да, елу жыл шамасында адам есінде артық ақпарат сақтау қиынға түседі. Осы кезде адамда ұмытшақтық пайда болады екен. Өйткені «сандықшаға» сыймай қалған ақпараттар адам жадынан өше бастайды. Шаршаған ми да бұрынғыдай жұмыс істемейтіндіктен қариялар ұмытып қалған ақпаратын қайта есіне түсіре алмай әлек болып жатады. (Ағза да бұл кезде қартая бастайды). Алжудың қартаюмен тығыз байланысты болатыны сондықтан. Альцгеймер ауруының тағы бір қызық жағы - білімге, көп білуге құштар адамдардың тез алжып, ал ештеңеге қызықпайтын, жалқау жандардың 80-90 жасқа дейін алжымауында. Өйткені «сандықшасы» толмағандардың милары онша шаршай бермейді. Көп жағдайда адамдар Альгеймер ауруы мен ұмытшақтықты шатастырып алады. Егер осы екеуінің аражігін дұрыс ажырата алса және уақтылы емделсе, алжудың да, ұмытшақтықтың да алдын-алуға болады екен. Ал оны қалай ажыратады?

Ең алдымен адамның іс-әрекетін бақылау керек. Ұмытшақ адам затты қайда қойғанын білмей, кешегі оқиғаны есіне түсіре алмай қиналады, адамдардың атын шатастырады. Альцгеймер ауруында адам өзімен-өзі сөйлесуі, елес көруі, бірнеше жыл бұрынғы өмірмен өмір сүруі мүмкін. Күнделікті қызмет барысында адамның психикалық қызметі туралы түсінік алу үшін науқасқа келесідей сұрақтар беруге болады: • Ұйқыңыз қалай? • Тәбетіңіз жақсы ма? • Әдетте күні бойы немен айналысасыз? • Тез шаршайсыз ба? • Бір нәрсеге зейін қоюыңыз қиын ба? • Сіз өзіңізге ұмытшақ болып қалғандай көрінбейсіз бе? Шұғыл еске түсіру • Есте сақтау қабілетіңізді тексеріп көрейік (мен қазір айтатын үш сөзді есте сақтап, қайталаңыз, мысалы, көйлек, Мәскеу, жасыл). Зейін және есеп • дауыстап 1-ден 20-ға дейін санаңыз; • бұдан кейін кері ретпен санаңыз; • «құм» сөзін жеке дыбыстары бойынша оқыңыз; • осы сөзді әріптері бойынша кері бағытта оқыңыз. Кештетіп еске түсіру • Бірнеше минут бұрын мен есте сақтап қалыңыздар деген үш сөзді қайталаңыздар. Егер науқас жауап беруге қиналса, жетелейтін сұрақтар қойыңыз, мысалы: «Қандай қала?», «Киімнің қандай бөлігі?», «Қандай түс?» Сөйлеу • заттардың атауын ұмытқан кездеріңіз болған ба?; • өтініш, осы заттарды (қалам, сағаттың бауы, тіс щеткасы т.б.) атаңыз; • осы қағазда жазылған сөйлемді оқып, орындаңыз. Парақта "Көзіңізді жұмыңыз" деп жазылған; • құрамында бастауыш пен баяндауышы бар мағыналы кез келген сөйлем жазыңыз; • конвертті сол қолыңызға алыңыз, ортасынан бүктеңіз. Оны еденге қойыңыз. Оқу • мына әріптерді оқыңыз; • мына (үйреншікті) сөздерді оқыңыз; • мына (сирек кездесетін) сөздерді оқыңыз; • мына сөздерді оқыңыз және қатесін табыңыз. Бағдар беру • өтініш, конвертке мекен жайыңызды: ел, қала, көше, үй нөмірін жазыңыз; • өтініш, қағаз бетіне бүгінгі күнді, ай, жыл, апта күнін, жыл мезгілін жазыңыз. Интеллектуалдық үдерістер • қарапайым әңгіменің мазмұнын айтып беріңіз; • қарапайым арифметикалық тапсырманы шешіңіз; • өтініш, сөз орамын аяқтаңыз; • мағыналары қарама-қарсы сөздерді табыңыз (үлкен - …, қымбат - … және т.б.); • мақалдың мағынасын түсіндіріңіз; • ұқсастарын таңдаңыз (раушан - гүл, ит - түбіт, ұстара - …, әмиян - … т.б.) <ref>«ГЕРОНТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГЕРИАТРИЯ» Бекмурзаева Э.Қ., Сейдахметова А.А., Ибрагимова Р.Б., Сейдалиева Ф.М., Садыкова Г.С., Умиралиева Г.А., Азизова А.А., Абдукаримова Ж.М., Байдуллаев Б.М., Қорғанбаева Х.Т., оқу құралы, Шымкент 2012. </ref>

Дереккөздер

<references />