Алтыншы симфония (Құрманғазы)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:43, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

"Алтыншы симфония" ("Құрманғазы") - Е.Г. Брусиловскийдің симфониясы. Алғаш 1965 жылы Қазақ симфониялық оркестрі (дирижері И.З. Островский) орындады. Шығарма Құрманғазы күйлерінің негізінде жазылған. Төрт бөлімнен тұратын симфонияда Құрманғазының "Түрмеден қашқан", "Ақбай" және "Сарыарқа" күйлері пайдаланылды. Брусиловский ұлы күйшінің күрескерлік рухын симфониялық драматургияны өрістете дамыту, ширықтыру арқылы бейнелейді. Мұнда симфониядағы еуропалық формалар мен заңдылықтар қазақтың аспаптық музыкасындағы дәстүрлермен тығыз араласып жатыр. Мысалы, симфонияның 2-бөлімі "Ақбай" күйіне негізделгенімен пассакалья түрінде жазылған.

<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}