Алтын қабақ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:47, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Алтын қабақ — қазақтың ұлттық ойыны. Жамбы ату сайысы негізінде пайда болған. Мергендік пен ептілікті сынайды. Түзу қайың құрықтарды ұластыра байлап, бір ұшын жерге қадайды. Биіктігі 30 - 40 м болуға тиіс. Жоғарғы ұшына екі жарым метрлік колденең ағаш бекітіледі. Оны қабақ деп атайды. Қабаққа бірнеше сөлкебай немесе жалтырап көзге түсетін заттар, кейде алтын, күміс теңгелердің шетін тесіп, аттың қылына іліп, тізіп байлайды. Сайысқа түсушілер оларды садақпен атып тұсіруге тиіс. Атып түсірушілерге сый-сыяпат беріледі. Алтын қабақ - түркі халықтарының арасына кең тараған ойын.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref><ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті