Алтыбай күмбезі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:43, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Алтыбай Күмбезі - 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында тарақты Алтыбайға арнап тұрғызылған ескерткіш-кесене. Бетпақдаланың Арқа жақ шетінде, Қушоқы тауының маңында, Шажағай өзенінің бойында. Қабырғасының биікт. 2,5 метр, күмбезі 3,5 метр, қалауының ені 0,8 метр күмбездің кірпіші жүн, май араластырып иленген. Сондықтан, жаңбырға езілмей, үгілмей сақталған. Кесененің шаршы іргелігі жоғарғы жағы саңырауқұлақ сияқты бітетін үш цилиндрлі сирек кездесетін сатылы күмбезбен жабылған. Күмбездің табаны мен төменгі текшесі жұмыр жарты бағандармен және шағын қуыстармен әшекейленген. Осындай қуыстар күмбездің жоғарғы кемерінде де бар. Бұрыштары ширек бағандармен бекітілген. Мүрде жатқан төмен шаршы бөлік жоғарғы бөліктен әдемі айшықты бағандармен бөлінген. Алтынбай күмбезінің жалпы биіктігі 6 метр кіретін аузы күнгей жақта. Іші әктелген, жарық түсетін саңылаулары бар. Алтынбай күмбезі қазақ сәулет өнерінде өзіндік ерекшелігі бар құрылыс. <ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}