Алексеевка (қола дәуірінің қонысы)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:43, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:See also Алексеевка — қола дәуірінің қонысы, зират. Қостанай облысы Қостанай ауданы Алексеевка ауылынан 4 км жерде, Тобылдың сол жағасында орналасқан. 1930 — 35 жылдары Мемлекеттік тарихи мұражай экспедициясы (жетекшісі О.А.Кривцова-Гракова) зерттеу жүргізген. Ескерткіш қола дәуірінің соңғы кезеңі — б.з.б. 1 мыңжылдық басына жатады деп есептелінді. Кейінгі зерттеулер Алексеевка кешені ертерек кезеңге, б.з.б. 2-мыңжылдықтың 2-жартысына жататынын көрсетті. Ұзындығы 1 км жерді алып жатқан зираттан 21 дөңес пішінді топырақ қабір ашылды. Шығысқа қарай діни-ғұрыптық орын, оңтүстік-шығысында қоныс орналасқан. Төбе үстінде ғибадатхана тәріздес құрылыс орны байқалады. Қалған белгілерге қарағанда негізгі табынушылық түрі төбе үстінен қазылған кішірек шұңқырларға арнайы сүт, өсімдіктен істелген тағамдарды құйып әкелген қыш ыдыстарды көму, сондай-ақ үлкенірек шұңқырларда ет тағамдарын өртеу болған. Құрбандық шалынған жерлерден 59 қыш ыдыс табылды. Қоныстың 2500 м2 жері қазылып, 5-6 тұрғын үй зерттелді. Алексеевка кешенінен өте көп қыш, металл, тас, сүйектен дайындалған түрлі бұйымдар алынып, жерлеу, үй-құрылыс, металлургия, діни-ғұрыптық көзқарастар туралы маңызды деректер зерттелді. Солтүстік өлкенің Алакөл кезеңіне жататын Алексеевка кешенінің тұрғындары мал өсіру және егіншілік кәсібімен айналысқан, металлургия ісін жақсы меңгерген.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}