Александр Гаврилович Коркин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:31, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Александр Гаврилович Коркин (1927 жылы туған), құрылысшы-инженер, мемлекет қайраткері. Магнитогорск кен-металлургия институтын бітірген (1949). 1949 жылдан Теміртау құрылыстарында прораб, учаске бастығы. 1951-1955 жылдары Теміртау қалалық партия комитетінін бөлім меңгерушісі, ГРЭС құрылысы, «Қазметаллургқұрылыс» тресі партия ұйымы хатшысы. 1955-1956 жылдары Қазақстан КП ОК нұсқаушысы, 1956-1961 жылдары «Қазметаллургқұрылыс» тресі партком хатшысы, Теміртау қалкомының 1-шахтасы, 1961—1972 жылдары «Қазметаллургқұрылыс тресінің» басқарушысы, 1972-1975 жылдары Қаз КСР ауыр индустрия кәсіпорындары құрылыс министрі, 1975-1979 жылдары Қазақстан КП ОК, 2-хатшысы, 1979-1986 жылдары Қарағанды обкомының 1-хатшысы. КО КП 24-27-съездерінің, Қазақстан КП 9,11-16-съездерінің делегаты. 8-9 шакырылған Қаз КСР Жоғарғы Кеңесінің, 10-11 шақырылған КСРО Жоғарғы Кеңесінін депутаты. 2 мәрте Ленин орденімен, 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту, Октябрь революциясы, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}